Атопиялық дерматиттің патогенезі мен терапиясына заманауи тәсілдер
14.04.2023
Бүгін, 2023 жылғы 14 сәуірде Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының конференц-залында «Атопиялық дерматиттің патогенезі мен терапиясына заманауи тәсілдер» тақырыбында дерматовенерологтар қоғамының кеңесі өтті. Осы кеңесте сөз сөйлегендер: жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасы профессорының м.а., м.ғ.к., доцент Ахметова А.К.; м.ғ.к., «СМУ» КеАҚ ПФ дербестендірілген медицина кафедрасының ассистенті Айткулова В.Р.; м.ғ.к., ҚР ДСМ ШЖҚ «ҚДИАҒО» РМК жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің меңгерушісі, EADV мүшесі, Алматы қ., Оспанова С.А. Тері ауруларының этиологиясы мен патогенезіне заманауи ғылыми тәсілдер мен аллергиялық тері ауруларының өзекті мәселелері қарастырылды.