Аудиттің маңызды мәселелері бойынша комиссияның отырысы
28.03.2018
28 наурызда перинаталды орталықта сыни жағдайларды тексеру жөніндегі комиссияның отырысы бас дәрігердің аудит бойынша орынбасары М.Д.Мустафинаның төрағалығымен өтті, онда пациенттің клиникалық жағдайы талқыланды. Құрылымға босану бөлімінің меңгерушісі, тиімді перинаталдық технологиялар бойынша коррдинаторы — А.М.Мукушева , клинико-диагностикалық зертхананың меңгерушісі — Е.М.Захарьян, анестезиолог-реаниматолог дәрігері – Т.И.Панежа, психолог – Н.Ж.Кайдарова, босану бөлімшесінің аға акушері – Г.Г.Купина, жан сақтау бөлімінің аға мейірбикесі – Т.Г.Руссу қатысты. Медициналық көмек көрсетуде оң және теріс жағдайлары анықталды. Перинаталдық орталықтың әкімшілігі үшін мамандандырылған көмек көрсетуді жақсарту жөнінде ұсынымдар берілді.