Аурухананың емдеу-диагностикалық эндоскопия бөлімшесінде  Сіз  диагностикалық эндоскопиялық зерттеулерден өтуіңіз болады

18.11.2019

Г.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының емдеу-диагностикалық эндоскопия бөлімшесінде  келесі диагностикалық эндоскопиялық зерттеулер  орындалады:

— эзофагогастродуоденоскопия (ЭГДС),
— колоноскопия,
— бронхоскопия,
— эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография (ЭРХПГ)

Емдік эндоскопиялық хирургиялық емшаралар және манипуляциялар:

— 12 елі ішектен, асқазаннан, тыныс алу жолдарынан қан кету көзін электрокоагуляциялау;

-өңештен, асқазаннан және 12 елі ішектен, тыныс алу жолдарынан бөгде денелерді алып тастау;

-материалды цитологиялық және гистологиялық зерттеуге бағыттай отырып, асқазан шырышты қабығының, 12 елі ішектен, тыныс алу жолдарының биопсиясы, АІЖ полиптерін эндоскопиялық алып тастау;

-АІЖ полиптерін эндоскопиялық алып тастау;

-бронхтардың (стационарлық жағдайда) бронхоскопиялық лаважы (жуу);

-эндоскопиялық папиллотомия (папиллосфинктеротомия) ЭПСТ — дербес немесе өт шығару жолдарының декомпрессиясы кезеңдерінің бірі;

-эндоскопиялық литотрипсия және литоэкстракция — тастарды (конкременттерді) өт жолдарынан ұсақтау және жою .

Емшаралар жергілікті анестезия, орташа немесе терең седация немесе эндотрахеальды наркоз астында орындалады.

Біздің мекен-жайымыз:  Павлодар қ., Щедрин көшесі, 63,  жазылу телефоны : 8(7182) 52-04-98, 87712762227

 

IMG_3226

 

IMG_3230

Accessibility