Аурухана ғимаратында шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар

30.09.2024

2024 жылғы 30 қыркүйекте Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында Павлодар облысы ТЖ Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық — құтқару жұмыстары қызметі» ММ №4 өрт сөндіру бөлімімен өзара іс-қимыл жасай отырып, аурухана ғимаратында шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді. Бұл оқу-жаттығудың мақсаты өртке қарсы қызметтің дайындығын тексеру, пациенттер мен персоналды эвакуациялауды тәжірибелік пысықтау, зардап шеккендерді іздеу және құтқару, өрт сөндіру құралдарын пайдалану болып табылады.

Лицензия 00986 DS

Accessibility