Аутоиммунды аурулар бүгін: диагнозды қалай жіберіп алмау керек
Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында иммунофлуоресцентті микроскопты қолдана отырып, аутоиммунды аурулардың жоғары дәлдіктегі диагностикасы енгізілді. Зертхана мамандары оқытудан өтіп, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заманауи әдістерді игерді. Диагностика кең таралған және сирек кездесетін аутоиммунды аурулардың кең ауқымын қамтиды. 2025 жылғы 29 мамырда аурухана базасында «Аутоиммунды аурулар бүгін: диагнозды қалай жіберіп алмау керек» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараның модераторы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Семей қаласының медицина университеті» КЕАҚ ПФ дербестендірілген медицина кафедрасының меңгерушісі Б.Е.Кененбаева. Аталған семинарда баяндамалар жасалды:
1. «Аутоиммунды ауруларды диагностикалаудың алтын халықаралық стандарты» — ДСБ штаттан тыс ревматологы, жоғары санатты дәрігер Қуанышбаева З.Т.
2. «ЖИФР (жанама иммунофлуоресценция реакциясы) әдісімен аутоиммунды аурулардың иммунодиагностикасы» — Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасының ревматология орталығының меңгерушісі А.Қ.Бижанов.
3. «Аутоиммунды ауруларды диагностикалаудың зертханалық алгоритмдері». «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ зертханасының маманы – SAMRUNI аутоиммунды диагностика бойынша аппликейшн-кеңесші Болтанова А.А.
Лицензия 00986DS