Ауыл және қала тұрғындарына қандай скринингтік тексерулер қолжетімді?

12.04.2023

ҚАЛА тұрғындары үшін жүргізілетін скрининг: 30 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдерге артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы, мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтау үшін

АУЫЛ тұрғындарына келесі скринингтер жүргізіледі:

  • 18 бен 29 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерге артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтау үшін
  • 18 бен 29 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерге қант диабетін ерте анықтау үшін
  • 18 бен 29 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерге глаукоманы ерте анықтау үшін
  • 18 бен 70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерге асқазан-ішек жолдарының ауруларын ерте анықтау үшін
  • 18 бен 70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерге созылмалы бүйрек ауруларын ерте анықтау үшін
  • 50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдерге тыныс алу органдарының ауруларын ерте анықтау үшін
  • 55 пен 70 жас аралығындағы ер адамдарға қуық асты безінің қатерлі ісігін ерте анықтау үшін

 

Accessibility