Ашық есіктер күні
21.12.17 жылы перинаталдық орталығында әйелдер кеңесінің жүкті әйелдері үшін «Ашық есіктер күні» өткізілді. Барлық әйелдер саны серіктестерімен 33. Осы шара болашақ ата-аналар үшін біздің орталық туралы кеңінен білуге мүмкіндік берді. Жүкті әйелдер қабылдау бөліміне, босану залына, балалар мен ересектер реанимациясына , босанғаннан кейінгі бөлімшеге барып қайтты.
Шарада әйелдер алдында босану бөлімшесінің аға акушері Г.Г.Купина қатысты, ол серіктес босану туралы, босану орнын еркін таңдау туралы, босану процессі туралы айтып өтті.
Босанғаннан кейінгі бөлімшеге барып , оның режимімен, бала мен ананың бірге болу үшін арналған палаталарын көріп қайтты.
Бас дәрігер А.К.Оспанова қауіпсіз аналық қағидаттары, дұрыс тамақтану мен демалу және өздерінің денсаулығына деген жауапкершілік туралы айтты.
Бас дәрігердің әдістемелік-ұйымдастыру жұмысы бойынша орынбасары Л.В.Ходырева осында келіп түсу және болу, босану процессі , еркін құндақтау, төсек-орын тысын, ыдысты, өзінің және жаңа туған баланың киімдерін пайдалану туралы шарттарына тоқталды.
Перинаталдық орталығының бас дәрігерінің орынбасары М.Д.Мустафина міндетті медициналық сақтандыру жүйесі туралы, МСМЖ қорының жұмысы туралы және МСМЖ шеңберіндегі сақтандыру пакеттері туралы айтып берді. МСМЖ бойынша сұрақтарға жауап берді. Барлық қатысушыларға міндетті медициналық сақтандыру туралы буклеттері таратылды.
Ұлттық күнтізбенің алдын алу егулеріне сәйкес вакцинабақылаушы инфекцияға қарсы балаларды уақытында вакцинациялау баладағы инфекциялық аурулардың пайда болуын , денсаулықты сақтауға және иммунизацияның жеткіліксіз қамту салдары туралы ескертуге мүмкіндік береді. Жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Татьяна Николаевна Другова иммунды профилактиканың пайдасы, вакцинациядан бас тартуына байланысты қауіп пен салдары туралы болашақ ата-аналарға ұсыныстар берді.
Басымдық баланы вакцинациялау маңыздылығы мен жеткіліксіз егумен қамту қажеттілігі мен салдарына берілді.Босану үйінде қорғаныс иммунитетінің пайда болуын қамтамасыз ететін, туғанда дені сау және мықты ететін, қоршаған ортада болатын бактерия мен микробтарға қарсы тұруға баланы үйрететін БЦЖ-1, ВГВ туберкулезіне қарсы бірінші міндетті вакцинация туралы айтып өтті.
Емізу бойынша медбибі Т.А.Наскенова емізудің пайдасы, ертеден кеудеге салу қажеттілігі және кеудеге салудың дұрыс техникасы туралы ақпарат берді.
Басымдық жүкті әйелдердің денсаулығын мықтау және сақтау мәселелеріне назар аударту, қауіпсіз тәртіпке жауапкершілікті тәрбиелеу,өзін-өзі сақтау; салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды, қауіптің тәртіп факторларынан уақытында бас тарту және өзінің денсаулығына жауапкершілігі, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану, әйелдердің рационалды тамақтануын жақсарту мақсатымен ақпараттық – түсіндірме жұмысы өткізілді.
Шараның аяқталуы кезінде барлық жүкті әйелдерге бала туғаннан бастап болашақ аналарға ерте жастағы баланы 3 жасқа дейін күту бойынша «Қуан сәби» брошюралары мен босанғаннан кейінгі кезеңде қалаусыз жүктілікті алдын алу туралы буклеттер, егу күнтізбесі сыйға тартылды.
[wolf-gallery-images id=»21″]