Ашық есіктер күні

19.10.2017

2017 жылғы 19 қазанда әйелдер кеңесінің жүкті әйелдері үшін перинаталдық орталығында «Ашық есіктер күні» өтті. Әйелдер мен серіктестерінің барлығы 22. Осы шара біздің орталықты кеңінен тануға болашақ ата-аналарға мүмкіндік берді. Жүкті әйелдер қабылдау бөлімінде, босану залында, ересектер мен нәрестелердің жан сақтау бөлімшелерінде, сонымен қатар босанудан кейінгі бөлімшеде болды.

Тұсаукесерде жүкті әйелдердің алдында босану бөлімшесінің меңгерушісі Әлия Мендиярқызы Мукашева серіктес босану туралы, босану орны мен қалыпты еркін таңдау, босанудың процессі туралы айтып берді

Бас дәрігердің әдістеме-ұйымдастырушылық жұмысы жөніндегі орынбасары Л.В.Ходырева осында келіп түсудің және болудың шарттарына тоқталды; ана болу қауіпсіздігінің қағидаттары туралы, оның ішінде: егуден бас тартуына байланысты  жүктілік кезінде, серіктес босану, босанудың орны мен қалпын еркін таңдау кезінде, босану процессі , еркін құндақтау, төсек-орын тысын, ыдысты, өзінің және жаңа туған баланың киімдерін пайдалану туралы шарттарына тоқталды.

Перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары М.Д.Мустафина міндетті медициналық сақтандыру жүйесі туралы, МСМЖ қорының жұмысы туралы және МСМЖ шеңберіндегі сақтандыру пакеттері туралы айтып берді. МСМЖ бойынша сұрақтарға жауап берді.  Барлық қатысушыларға міндетті медициналық сақтандыру туралы буклеттері таратылды.

Ұлттық күнтізбенің алдын алу егулеріне сәйкес вакцинабақылаушы инфекцияға қарсы балаларды уақытында вакцинациялау баладағы инфекциялық аурулардың пайда болуын , денсаулықты сақтауға және иммунизацияның жеткіліксіз қамту салдары туралы ескертуге мүмкіндік береді. Жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Шолпан Жетпісбайқызы Құрманова иммунды профилактиканың пайдасы, вакцинациядан бас тартуына байланысты  қауіп пен салдары туралы болашақ ата-аналарға ұсыныстар берді.

Басымдық баланы вакцинациялау маңыздылығы мен жеткіліксіз егумен қамту қажеттілігі мен салдарына берілді.Босану үйінде қорғаныс иммунитетінің пайда болуын қамтамасыз ететін, туғанда дені сау және мықты ететін,  қоршаған ортада болатын бактерия мен микробтарға қарсы тұруға баланы үйрететін БЦЖ-1, ВГВ туберкулезіне қарсы бірінші міндетті вакцинация туралы айтып өтті.

1 қазаннан респиратолрлық вирустық инфекцияларды, тұмауды, пневмакокколық инфекцияны алдын алу бойынша айлық өз бастауын алды. Эпидемиолог дәрігері Сәуле Кәрімқызы Оспанова бүкіл халықтың, әсіресе, ауру қауіпі жоғары тұлғалар арасында, оның ішінде жаңа туған, ерте жастағы, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың ата-аналары арасында және уақтылы вакцинацияның қажеттілігі туралы ақпараттандырып айтып өтті.

ЖРВИ, тұмауды, пневмакокколық инфекцияны алдын алу мақсатында келесі қарапайым ережелерді сақтау қажет: ауырған адамдармен байланысты шеттеу, ауырған адамдармен байланыс кезінде маска кию, қолды сабынмен және антибактериалды заттармен жуу, жөтел және түшкіру кезінде ауызды қолмен немесе бір реттік пайдаланатын орамалмен жабу,  адамдар көп жиналған жерлерде болмауға тырысу, бөлмені жиі желдету, кір қолмен көз, мұрын және ауызды тиіспеу, салауатты өмір салтын жүргізу, таза ауада серуендеу, белсенді демалыс, ағзадағы кез келген инфекцияға қарсы тұра алатын бай дәрумендермен тамақтану.

Жүкті әйелдер қабылдау бөлімінде, босану залында, нәрестелер мен ересектердің жан сақтау бөлімінде, босанудан кейінгі бөлімшеде болып қайтты. Тұсаукесерде жүкті әйелдердің алдында босану блогының аға акушері, босанудан кейінгі бөлімшенің ға мейірбикесі өздерінің бөлімшелері туралы айтып өтті.

Емізу бойынша медбибі Т.А.Наскенова емізудің пайдасы, ертеден кеудеге салу қажеттілігі және кеудеге салудың дұрыс техникасы туралы ақпарат берді.

Басымдық жүкті әйелдердің денсаулығын мықтау және сақтау мәселелеріне назар аударту, қауіпсіз тәртіпке жауапкершілікті тәрбиелеу,өзін-өзі сақтау; салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды, қауіптің тәртіп факторларынан уақытында бас тарту және өзінің денсаулығына жауапкершілігі, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану, әйелдердің рационалды тамақтануын жақсарту  мақсатымен ақпараттық – түсіндірме жұмысы өткізілді.

Шараның аяқталуы кезінде барлық жүкті әйелдерге бала туғаннан бастап болашақ аналарға ерте жастағы баланы 3 жасқа дейін күту бойынша «Қуан сәби» брошюралары мен босанғаннан кейінгі кезеңде қалаусыз жүктілікті алдын алу туралы буклеттер, егу күнтізбесі сыйға тартылды.

[wolf-gallery-images id=»11″]

Accessibility