«Ашық есіктер күні»
07.09.2017 жылы перинаталдық орталығында «Ашық есіктер күні» әйелдер кеңесінен жүкті әйелдер үшін өткізілді. Барлық серіктестері бар жүкті әйелдер саны 27. Осы шара «Денсаулық фестивалі — 2017» қарсаңында «Біздің денсаулығымыз біздің қолымызда», «Ұлттық отбасы күні» ұранымен жоспарланды, бұл шара болашақ ата-аналарға біздің орталық туралы кеңінен білуге мүмкіндік береді.
Жүкті әйелдер қабылдау бөліміне, босану залына, балалар мен ересеектер реанимациясына, босанудан кейінгі бөлімшеге барып көрді.Тұсаукесерде жүкті әйелдер алдында біздің жекеші мамандар сөз сөйледі. Бас дәрігердің міндетін атқарушы Л.В.Ходырева перинаталдық орталыққа келіп түсу және онда болу шарттарына және қауіпсіз аналыққа тоқталды.Бас дәрігердің балалық шақ жөніндегі орынбасары Т.Н.Другова босану үйіндегі егуден бас тартуларына байланысты егудің мәні мен қауіпі туралы айтып өтті. Бас дәрігердің аудит бойынша орынбасары М.Д.Мустафина біздің еліміздің әр азаматы өзінің денсаулығы үшін жалпы қоғамдық денсаулықты қорғауға жауапты, әсіресе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шеңберіндегі ең бастысы болып саналатыны туралы айтты. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі , МӘМС қорының қызметі, МӘМС шеңберіндегі сақтандыру пакеттері туралы мәлімдеді. МӘМС бойынша сұрақтарға жауап берді. Барлық қатысушыларға міндетті медициналық сақтандыру туралы буклеттері таратылды. Емізу бойынша медбибі Т.А.Наскенова емізудің пайдасы, ертеден кеудеге салу қажеттілігі және кеудеге салудың дұрыс техникасы туралы ақпарат берді. Қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Шараның аяқталуы кезінде барлық жүкті әйелдерге бала туғаннан бастап болашақ аналарға ерте жастағы баланы 3 жасқа дейін күту бойынша «Қуан сәби» брошюралары мен босанғаннан кейінгі кезеңде қалаусыз жүктілікті алдын алу туралы буклеттер, егу күнтізбесі сыйға тартылды.