«Ашық есіктер күні»
24.08.17ж перинаталдық орталығында әйелдер кеңесінің жүкті әйелдері үшін «Ашық есіктер күні» өткізілді. Жүкті әйелдер серіктестерімен барлығы 15. Бұл шара болашақ ата-аналарға облыстық перинаталдық орталығы туралы кеңінен білуге мүмкіндік береді.
Жүкті әйелдер қабылдау бөлімін, босану залын, ересектер мен балалардың жан сақтау бөлімшесі, босанғаннан кейінгі бөлімшені көрді. Тұсаукесерде әйелдердің алдында біздің жетекші мамандар сөз сөйледі.
Бас дәрігердің балалық шақ жөніндегі орынбасары осында келіп түсудің және болудың шарттарына; қауіпсіз аналық қағидаттарына тоқталды.Босану үйіндегі вакцинация туралы айтып өтті. Бұл ақпараттық-түсіндірме жұмысы вакцинациядан бас тартумен байланысты осы мәселенің мәні мен оның қауіпі туралы ақпарқа бағытталды.
Перинаталдық орталығының бас дәрігерінің аудит бойынша орынбасары М.Д.Мустафина міндетті медициналық сақтандыру жүйесі туралы, МСМЖ қорының жұмысы туралы және МСМЖ шеңберіндегі сақтандыру пакеттері туралы айтып берді. МСМЖ бойынша сұрақтарға жауап берді. Барлық қатысушыларға міндетті медициналық сақтандыру туралы буклеттері таратылды.
Емізу бойынша мейірбике Т.А.Наскенова емізудің пайдасы, ертеден кеудеге салу қажеттілігі және кеудеге салудың дұрыс техникасы туралы ақпарат берді. Қатысулардың сұрақтарына жауап берді.
Шараның аяқталуы кезінде барлық жүкті әйелдерге баланың туған кезінен 3 жасқа дейінгі кезеңде сәбиді күту бойыншаболашақ аналар үшін отбасында ерте жасынан күтудің нұсқаулығы болып табылатын «Қуан сәби» брошюралары мен босанғаннан кейінгі кезеңде қалаусыз жүктілікті алдын алу туралы буклеттер, егу күнтізбесі сыйға тартылды.