Ашық есіктер күні

04.07.2017

04.07.17ж перинаталдық орталығында  №4;3;2 әйелдер кеңесінің жүкті әйелдері үшін  «Ашық есіктер күні» өткізілді. Жүкті әйелдердің барлығы 35. Бұл шара болашақ ата-аналарға облыстық перинаталдық орталығы туралы кеңінен білуге мүмкіндік береді.Осы шара астана күніне орай өтті.

Әйелдердің алдында біздің орталықтың бас дәрігері А.Қ.Оспанова сөз сөйледі. Ол халықаралық стандартқа сәйкес біздің орталықтың жұмысы туралы айтып өтті.  160 орынды Павлодар областық перинаталдық  орталығы жүктілерге мамандандырылған аурухана көмегін көрсетеді. Босанушыларға және жаңка туған балаларға. Адам денсаулығы жас кезінен қалыптасады. Біздің еліміздің әр азаматы өзінің денсаулығына және жалпы қоғамдық денсаулықты қорғауға  жауапты , яғни ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды  енгізу шеңберінде өте қажет.

Жүкті әйелдер қабылдау бөлімін, босану залын, ересектер мен балалардың жан сақтау бөлімшесі, босанғаннан кейінгі бөлімшені көрді. Тұсаукесерде Әйелдердің алдында біздің жетекші мамандар сөз сөйледі.

Босану бөлімшесінің аға акушері Г.З.Кабышева ана болу қауіпсіздігінің қағидаттары және қауіптің факторлары туралы айтып өтті , оның ішінде: жүктілік кезінде, серіктес босану, босанудың орны мен қалпын еркін таңдау кезінде, босану процессі , еркін құндақтау, төсек-орын тысын, ыдысты, өзінің және жаңа туған баланың киімдерін пайдалану туралы.

Бас дәрігердің әдістемелік-ұйымдастыру жұмысы бойынша орынбасары Л.В.Ходырева осында келіп түсу және болу; ана болу қауіпсіздігінің қағидаттары туралы, оның ішінде: егуден бас тартуына байланысты  жүктілік кезінде, серіктес босану, босанудың орны мен қалпын еркін таңдау кезінде, босану процессі , еркін құндақтау, төсек-орын тысын, ыдысты, өзінің және жаңа туған баланың киімдерін пайдалану туралы шарттарына тоқталды.

Сонымен қатар жүкті әйелдерге перинаталдық орталығымен мемлекеттік қызметті орындау, кепілдендірілген мөлшердегі тегін медициналық көмек және азаматтығы жоқ тұлғалар мен ҚР азаматтығы жоқ тұлғаларға көмек көрсету тәртібі туралы айтылды.

Перинаталдық орталығының бас дәрігерінің орынбасары М.Д.Мустафина міндетті медициналық сақтандыру жүйесі туралы, МСМЖ қорының жұмысы туралы және МСМЖ шеңберіндегі сақтандыру пакеттері туралы айтып берді. МСМЖ бойынша сұрақтарға жауап берді.  Барлық қатысушыларға міндетті медициналық сақтандыру туралы буклеттері таратылды.

Емізу бойынша медбибі Т.А.Наскенова емізудің пайдасы, ертеден кеудеге салу қажеттілігі және кеудеге салудың дұрыс техникасы туралы ақпарат берді. Қатысулардың сұрақтарына жауап берді.

Шараның аяқталуы кезінде барлық жүкті әйелдерге «Куан сәби» брошюралары мен босанғаннан кейінгі кезеңде қалаусыз жүктілікті алдын алу туралы буклеттер, егу күнтізбесі сыйға тартылды.

dod040717-1

dod040717-2

dod040717

Accessibility