«Ашық есіктер күні»
2017 жылдың 22 маусымында Перинаталдық орталығы әйелдер кеңесінің жүкті әйелдері үшін ашық есіктер күнін өткізді. Серіктесі бар жүкті әйелдердің барлығы 49. Осы шара болашақ ата-аналарға жаңа Перинаталдық орталығы туралы кеңінен білуге мүмкіндік берді.
2017 жылғы 2 маусымнан 2 шілде аралығында Халықаралық нашақорлықпен күрес және «Сенің ертеңгі күнін тек өзіңе тәуелді! Салауатты өмір сүр! Есірткіге жол жоқ!» шақыруымен заңсыз есірткі саудасы күні шеңберінде нашақорлықты ескерту бойынша шаралардлы белсендету айлығы өтуде. Өтіп жатқан шараның мақсаты осы мәселенің маңызы туралы халықтың және әр адамның санасы деңгейін жоғарылату бойынша насихат болып табылады. Жүкті әйелдердің денсаулығын жақсарту және сақтау; өзін сақтау туралы білім негіздерін үйрету; қауіпсіздік тәртіптегі жауапкершілікке тәрбиелеу; салауатты өмір салтын насихаттау; қауіптің зиянды мінез-құлық факторларынан алдын ала бас тарту және өзінің денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік; дене шынықтыру және спортпен шұғылдану; әйелдердің рационалды тамақтануын жақсарту мәселелеріне назар аудару мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарына басымдық берілді. Нашақорлықты алдын алу бойынша буклеттер мен брошюрашал таратылды.
Жүкті әйелдер, ауруларды қабылдау бөліміне, босану залына, балалар мен ересектердің жан сақтау бөліміне, босанғаннан кейінгі бөлімге барды. Тұсаукесерде әйелдер алдында біздің жетекші мамандар сөз сөйледі.
Бас дәрігердің әдістемелік-ұйымдастыру жұмысы бойынша орынбасары Л.В.Ходырева мұнда келіп түсу және болу бойынша қауіпсіз аналық қағидаттары туралы шарттарға тоқталды, соның ішінде: босану кезіндегі қауіпті факторларды болдырмау туралы, серіктес босану, босану қалыпы мен орнын еркін таңдау, егулерден бас тартуларына байланысты босану үдерісі туралы; өз еркімен баланы жаялыққа орау, төсек орынды, ыдысты, әйелдің өзінің және жаңа туған нәрестенің киімін пайдалану.
Перинаталдық орталығының бас дәрігерінің орынбасары М.Д.Мустафина міндетті медициналық сақтандыру жүйесі туралы, ММСЖ қорының функциялары және ММСЖ шеңберіндегі сақтандыру пакеттері туралы айтып өтті. ММСЖ бойынша сұрақтарға жауап берді. Барлық қатысушыларға міндетті медициналық сақтандыру туралы буклеттері таратылды.
Бала емізу бойынша медбибі Т.А.Наскенова емізу пайдасы, әуелден емізу маңыздылығы және дұрыс емізу техникасы туралы айтып өтті. Қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Іс-шараның аяқталуы кезінде барлық жүкті әйелдерге отбасында бала туғаннан 3 жасқа дейін болашақ аналар үшін ерте жастағы балаларды күту бойынша және үйде бірінші көмек көрсету бойынша оқыту құралы болып табылатын «Қауан сәби» брошюралары, босанғаннан кейінгі кезеңде орынсыз жүктілікті алдын алу туралы буклеттері және егу күнтізбесі сыйға тартылды.