Ашық есіктер күні

13.06.2018
12.06.2018 жылы перинаталдық орталығында әйелдер кеңесінің жүкті
әйелдері үшін «Ашық есіктер күні» өткізілді. Барлық әйелдер саны
серіктестерімен 56 Осы шара болашақ ата-аналар үшін біздің орталық
туралы кеңінен білуге мүмкіндік берді. Жүкті әйелдер қабылдау бөліміне,
босану залына, балалар мен ересектер реанимациясына , босанғаннан кейінгі
бөлімшеге барып қайтты.
Бас дәрігердің әдістеме-ұйымдастырушылық жұмысы жөніндегі орынбасары
Л.В.Ходырева осында келіп түсудің және болудың шарттарына тоқталды; ана
болу қауіпсіздігінің қағидаттары туралы, оның ішінде: жүктілік кезінде,
еркін құндақтау, төсек-орын тысын, ыдысты, өзінің және жаңа туған баланың
киімдерін пайдалану туралы шарттарына тоқталды.
Бас дәрігердің аудит бойынша орынбасары М.Д.Мустафина міндетті
медициналық сақтандыру жүйесі туралы, МӘМС қорының жұмысы туралы
және МӘМС шеңберіндегі сақтандыру пакеттері туралы айтып берді. МӘМС
бойынша сұрақтарға жауап берді. Мұстафина М.Д. Пациенттерге қолдау
көрсету қызметінің төрайымы болып табылады, осыған байланысты, жүкті
әйелдерге, босанған әйелдерге, босанушыларға, жаңа туған балаларға
медициналық көмек көрсету сапасына әсер ететін барлық мәселелер оның
құзыретіне жатқандығын, сондай-ақ сұрақтар, шағымдар мен ұсыныстар
болған жағдайда Қызметтің байланыс телефонының нөмірі туралы
хабарлады. Міндетті медициналық сақтандыру туралы буклеттер таратылды.
Эпидемиолог Оспанова С.К. Жіті ішек инфекцияларын алдын алуға
бағытталған «Денсаулық сақтаудың алтын қағидаттары» Ұлттық
бағдарламасы шеңберінде, әйелдердің денсаулығы үшін бірлескен
жауапкершілігін арттыру, өткір ішек инфекцияларын тарату тәсілдері,
инфекцияның алдын алу шаралары, жеке гигиена мен қоғамдық гигиенаны
сақтау туралы мәліметті жеткізді; профилактикалық егулердің Ұлттық
күнтізбесіне сәйкес балаларға вакцина алдын алуға болатын инфекцияларға
қарсы уақтылы вакцинация туралы айтты. «Менингитті алдын алу»
тақырыбындағы слайдтар көрсетілді. Оспанова С.К. жүкті әйелдерге қатысты
бірқатар сұрақтарға жауап берді және тиісті ұсынымдар мен нұсқаулар берді.
Емізу бойынша медбибі Т.А.Наскенова емізудің пайдасы туралы ақпарат
берді.
[wolf-gallery-images id=»39″]
Accessibility