Ашық есіктер күні

08.02.2018

08.02.18 жылы перинаталдық орталығында әйелдер кеңесінің жүкті әйелдері үшін «Ашық есіктер күні» өткізілді. Барлық әйелдер саны серіктестерімен 33. Осы шара болашақ ата-аналар үшін біздің орталық туралы кеңінен білуге мүмкіндік берді. Жүкті әйелдер қабылдау бөліміне, босану залына, балалар мен ересектер реанимациясына , босанғаннан кейінгі бөлімшеге барып қайтты.

Шарада әйелдер алдында босану бөлімшесінің аға акушері Г.Г.Купина қатысты, ол серіктес босану туралы, босану орнын еркін таңдау туралы, босану процессі туралы айтып өтті.

Аға акушер А.С.Саятовамен босанғаннан кейінгі бөлімшеге барып , оның режимімен, бала мен ананың бірге болу үшін арналған палаталарын көріп қайтты. Босанудан кейінгі бөлімшеде болу туралы бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Бас дәрігердің әдістеме-ұйымдастырушылық жұмысы жөніндегі орынбасары Л.В.Ходырева осында келіп түсудің және болудың шарттарына тоқталды; ана болу қауіпсіздігінің қағидаттары туралы, оның ішінде: егуден бас тартуына байланысты жүктілік кезінде, серіктес босану, босанудың орны мен қалпын еркін таңдау кезінде, босану процессі , еркін құндақтау, төсек-орын тысын, ыдысты, өзінің және жаңа туған баланың киімдерін пайдалану туралы шарттарына тоқталды. Сонымен қатар міндетті медициналық сақтандыру жүйесі туралы, МӘМС қорының жұмысы туралы және МӘМС шеңберіндегі сақтандыру пакеттері туралы айтып берді. МӘМС бойынша сұрақтарға жауап берді. Барлық қатысушыларға міндетті медициналық сақтандыру туралы буклеттері таратылды.

Ұлттық күнтізбенің алдын алу егулеріне сәйкес вакцинабақылаушы инфекцияға қарсы балаларды уақытында вакцинациялау баладағы инфекциялық аурулардың пайда болуын , денсаулықты сақтауға және иммунизацияның жеткіліксіз қамту салдары туралы ескертуге мүмкіндік береді. Жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Татьяна Николаевна Другова иммунды профилактиканың пайдасы, вакцинациядан бас тартуына байланысты қауіп пен салдары туралы болашақ ата-аналарға ұсыныстар берді.Басымдық баланы вакцинациялау маңыздылығы мен жеткіліксіз егумен қамту қажеттілігі мен салдарына берілді.Босану үйінде қорғаныс иммунитетінің пайда болуын қамтамасыз ететін, туғанда дені сау және мықты ететін, қоршаған ортада болатын бактерия мен микробтарға қарсы тұруға баланы үйрететін БЦЖ-1, ВГВ туберкулезіне қарсы бірінші міндетті вакцинация туралы айтып өтті.

Емізу бойынша медбибі Т.А.Наскенова емізудің пайдасы, ертеден кеудеге салу қажеттілігі және кеудеге салудың дұрыс техникасы туралы ақпарат берді.

Дүниежүзілік обыр ауруларына қарсы күрес күніне орайластырылған «ОБЫРСЫЗ ӨМІР» ұлттық бағдарламасының аясында насихат жұмыстарына баса назар аударылды. Мәселелерді шешудің бір әдісі пациенттерді осы ауруларға ықпал ететін қауіп-қатер факторларымен күресу үшін оқыту жүйесін ұйымдастыру болып табылады: белсенді және салауатты өмір салты: темекі шегу, алкоголизм сияқты зиянды әдеттерге қарсы тұру. Белсенді жыныстық белсенділік, 2 жылға дейін емшек сүтімен тамақтандыру, физикалық белсенділікті насихаттау, онкологиялық бақылаудың алдын алуда күшті фактор болып табылады. Ашық ауада жүру, рационалды және дұрыс тамақтану — халықтың денсаулығын сақтау және нығайту үшін негіз болып табылады. Салауатты дене салмағын қолдау, семіздікпен күресу, өйткені рак ауруларының бірнеше түрі семіздікпен байланысты.

Шараның аяқталуы кезінде барлық жүкті әйелдерге бала туғаннан бастап болашақ аналарға ерте жастағы баланы 3 жасқа дейін күту бойынша «Қуан сәби» брошюралары мен босанғаннан кейінгі кезеңде қалаусыз жүктілікті алдын алу туралы буклеттер, егу күнтізбесі сыйға тартылды.

[wolf-gallery-images id=»27″]

Accessibility