Аққұлы ауданы Жамбыл ауылының тұрғындарына жылжымалы медициналық кешенде (ЖМК) кезекті медициналық тексеру.
2019 жылдың 15 мамырында Қазақстанның барлық аймақтарында «Медицина жақын» акциясы басталды.
Осы акция аясында Павлодар облысының шалғай ауылдарының тұрғындарына медициналық және консультативтік көмек көрсету үшін медициналық топпен жылжымалы медициналық кешеннің (ПМК) сапарлары ұйымдастырылды.
Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының ПМК-де халықты кезекті медициналық тексеру 2019 жылдың 5 тамызында Аққулы ауданы, Жамбыл ауылында өткізіледі.
Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы, медициналық көмек пен міндетті медициналық сақтандырудың кепілдендірілген көлемі аясында қандай көмек көрсетілетіндігі, ауылда медициналық көмек алу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.