Ақ қалатты абзал жаңдар
Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының құрылымдық бөлімшелерінің бірі урология бөлімшесі болып табылады.
Бөлімше жоспарлы және тәулік бойы шұғыл көмек көрсетеді.
Қазіргі уақытта урологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудегі инновациялық тәсілдер нормаға айналды.
Урологиялық бөлімшенің күнделікті жұмыс тәжірибесіне эндоскопиялық және лапароскопиялық операциялар енгізілген: бүйрек тастарын, несепағарларды, қуықты контактілі лазерлік ұсақтау, бүйрек кистасын, несеп жолын алып тастау және қуықасты безі аденомасының эндоскопиялық ТУР. Операция жасаудың 80% — нан астамы — аз инвазивті операциялар.
Осының барлығы операциялық жарақатты айтарлықтай төмендетуге, операция уақытын және оңалту кезеңін қысқартуға, операциядан кейінгі асқынулар қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Жыл сайын мыңға жуық науқас мамандандырылған ем алатын Урологиялық бөлімшені ойдағыдай басқаратын, жоғары санатты уролог-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Нариман Маратұлы Садықов.
Нариман Маратұлы белсенді жұмыс жүргізеді және емдеудің жаңа технологиялары мен әдістерін енгізу, жоғары мамандандырылған медициналық көмекті дамыту бойынша үлкен үлес қосады. Жоғары кәсіби құзыреттілікке, хирург-дәрігердің шеберлігіне ие.
Медициналық журналдарда және ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында жарияланған 80-нен астам ғылыми жұмыстары бар, 4 өнертабыстың және әдістемелік ұсынымның авторы.
Садыков Н.М. Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас урологы болып табылады.
Облыстың аудандарына тәжірибелік және кеңестік көмек көрсету үшін үнемі шығып тұрады.
Жас мамандарды дайындау және тәрбиелеу бойынша үлкен жұмыс жүргізеді және урология бойынша тәуелсіз сарапшы ретінде аккредиттелген.
Қазақстан урологтарының пленумдары мен съездеріне қатысушы баяндамаларымен бірнеше рет сөз сөйледі. 2010 жылы Алматы қаласында 2-ші Еуразиялық андрологиялық конгреске, 2011 жылы Париж қаласында урологтар еуропалық конгресіне, 2018 жылы Екатеринбург қаласында Ресей урологтар қоғамының конгресіне қатысты.
Сонымен қатар урология бөлімінде жоғары білікті урологтар мынадай жұмыс істейді: Байдрахманов Галлям Маменович, Кан Михайл Геннадьевич,
Идрисов Асыл Мұратұлы.