«А» вирустық гепатит бойынша жадынама
А» вирустық гепатиты (сарғаю) – бұл бауыр зақымданатын жіті инфекциялық ауру.Инфекцияның көзі науқас адам болып табылады. Науқастан вирус фекалдармен беріледі. Жеке гигиена ережелерін сақтамағанда қоздырғыш қоршаған заттарға, азық-түлікке, топырақ пен суға, бұларда ұзақ уақыт сақталуға қабілетті (бірнеше айларға дейін, әсіресе жылдың суық уақытында) жеңіл тиеді.
Вирус ағзаға келесі жолдармен кіру мүмкін:
- сумен – инфекцияланған ауыз суды қабылдауында және жұқпалы суда шомылуында жұғу мүмкін;
- тағаммен – салаттарды, көктерді, жемістерді және т.б. тағамға қабылдау нәтижесінде;
- науқас адамдармен тығыз байланыста, инфекцияланған ыдыс, ойыншықтар, дағдыға айналған заттар арқылы.
«А» вирустық гепатитын жылдың кез келген уақытта жұқтыруға болады, әсіресе жаз-күз кезеңде және табиғат жағдайында, судың жетіспеушілігі белгіленетін саяжайларда демалыс кезеңінде. Ауыру орташа есептегенде бір айға дейін симптомдарсыз өту мүмкін, дәл сол кезеңде науқастар көбінесе жұқпалы болып табылады және вирусты қоршаған ортаға береді. Аурудың басы тұмау симптомына немесе жіті ішек инфекциясына ұқсас: дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, әлсіреу, бас ауруы, бұлшық ет ауруы, тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы, құсу, сұйық дәрет, оң жақ қабырға астындағы немесе асқазан аумағындағы ауру. Аурудың 3-5 күнінде тер мен ақ қабықтың сарғаюы пайда болады. Дәрігерге аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда сарғайғанын күтпей ақ жүгіну қажет.
Қазіргі таңда вакцинация ауруды алдын алудың ең тиімді тәсілі болып табылады.
«А» вирустық гепатитын жұқтыруын болдырмау үшін қарапайым ережелерін сақтау қажет:
— тамақтану алдында және дәрет алғаннан кейін қол жуу.
— ашық су айдындарынан қайнамаған суды ішпеу және онымен жеміс пен көкөністерді жумау.
— лас жемістер мен көкөністерді тағам ретінде қабылдамау.