Баланы емдеу және күту – бұл улкен өнер

09.10.2018

«Рухани жаңғыру» Мемлекеттік бағдарламасы аясында біз сіздерге біздің неонатолог дәрігеріміз туралы айтып кеткіміз  келеді.  Құрманова  Шолпан Жетпісбайқызы – жоғары санатты еңбек өтілі 25 жылды құрайтын неонатолог дәрігер, «№1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығының» жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі. Шолпан Жетпісбайқызы 1992 жылы Семей медициналық институтының педиатрия факультетін бітіріп, Павлодар облысына жолданып, 2-ші аурухана базасында неонатология бойынша интернатурадан өтті. Интернатураны бітірісімен бүкіл еңбек жолы осы Перинаталдық орталығында өтуде. Ол кез-келген жерде жұмыс істей алады, ол реанимация, перзентхана немесе неонаталдық патология бөлімі.

Kurmanova1a

Шолпан Жетпісбайқызы  неонатологтардың ең құзыретті дәрігерлерінің бірі, жас пациенттерді туғаннан 1 айға дейін емдейді. Олардың ішінде кішкентайлар, олар туған кезде салмағы бір килограмнан аз салмағы бар. Олар өздерін  неліктен нашар сезінетінін айта алмайды. Баланы емдеу және күту  — үлкен  өнер. Кейде Шолпан Жетпісбайқызы ауыр науқастанған нәрестелерге, оның ішінде өте ерте жастағы балаларды күтуге көп көңіл бөледі. Үлкен жылулықпен және көтеріңкі көңіл-күйменөзінің  науқастарына және олардың ата-аналарына қарайды. Әрқашан мейірімді.  Көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі үшін перинаталды орталығының басшылығы мен ұжымының құрметіне бөленді. Шолпан Жетпісбайқызы Павлодар облысының денсаулық сақтау жүйесінің босануға көмек көрсету қызметіне елеулі үлесін қосты.

Тұтастай алғанда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеясы кең, дұрыс — адамдардың қоғамға осындай ұмтылатындай жақсы үлгі бола алатын көрнекті адамдардың істерін жеткізу. Бағдарламаны дұрыс іске асыра отырып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады деп ойлаймын », — біздің неонатологтың сөздері!

Accessibility