Баланы тамақтандырған кезде дұрыс ұстаңыз, бұл өте маңызды!

05.08.2019

БАЛАНЫ ҚАЛАЙ ҰСТАУ КЕРЕК:

  1. Сәбидің басы мен денесі түзу, бір жазықтың бойында жатуы керек;
  2. Сәби анасына толығымен бұрылуы тиіс;
  3. Анасы өз денесіне сәбиін жақындатып, екеуінің іші бір-біріне тиіп тұруы тиіс;
  4. Анасы сәбидің мойны мен иығын ғана емес, денесін де толығымен ұстауы керек.

БАЛАҒА ДҰРЫС ЕМШЕК БЕРУ:

  1. Емшектің ұшын сәбидің ерніне тақау керек;
  2. Сәби аузын үлкейтіп ашқанша тоса тұру керек;
  3. Сәбиді тез арада емшекке тақау керек.

ЕМШЕККЕ ДҰРЫС ЖАТҚЫЗУДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫН ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ:

  1. Сәбидің иегі анасының емшегіне тиюі керек;
  2. Сәбидің аузы толық ашылуы тиіс;
  3. Төменгі ерні сыртқа қарай шығарылып тұруы тиіс;
  4. Емшек ареолының үлкен бөлігі төменгі жақтан емес, жоғары жақтан көрінуі тиіс.1
Accessibility