«Бала тууға дайындық мектебінде» сабақ тақырыбы: «Ұрықтың сенсорлық қабілеті»
15.03.2019
2019 жылғы наурыздың 12-де Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының перинаталды орталығында жүкті әйелдер үшін «Бала тууға дайындық мектебінде» тағы бір сабақ өтті.
Орталықтың психологы Н.Ш. Кайдарова «Ұрықтың сенсорлық қабілеті» тақырыбына дәріс оқыды.
Дәріс барысында болашақ аналар, ана мен баланың арасындағы эмоциялық қарым-қатынастың маңызды факторы туралы білді.
Жүктілік кезінде балаға деген сүйіспеншілігі: оның туу туралы ойы, онымен бөлісетін қарым-қатынас байлығы ұрықтың психикасына әсер етеді.
Емшектегі сәбиді тамақтандыру бойынша мейірбике Т.А. Наскенова емшек сүтімен тамақтандырудың артықшылықтары туралы және қатысушыларға туберкулездің алдын-алуда ВЦЖ вакцинациясының маңыздылығы туралы хабардар етті.