«Болашаққа бірге жүгіреміз» ынтымақтастығы жүгірісі өтті
29.09.2025
«Болашаққа бірге жүгіреміз»
Бүгін, 2025 жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығын мерекелеу аясында «Усолка» шаңғы базасында жүгіру әуесқойлары үшін «Болашаққа бірге жүгіреміз» ынтымақтастығы жүгірісі өтті.
Әйелдер – 1,6 км.
Ерлер – 2,4 км.
Біздің аурухана қызметкерлері бұл жүгіріске белсенді қатысты:
1. Гастроэнтеролог дәрігері — Б.А. Әбілбекова,
2. Ревматолог дәрігері — Д.С.Сейтхан,
3. Жарақат пунктісі бар қабылдау бөлімшесінің санитар-транспортник — С.И.Васин.
Мамандарымызға қатысқандары үшін алғыс айта отырып, денсаулық пен амандық тілейміз!
Лицензия 00986DS