Бронх демікпесі –ентігу түрінде білінетін тыныс алу жолдарының созылмалы қабынып ауруы

19.05.2022

Бронх демікпесі –ентігу түрінде білінетін тыныс алу жолдарының созылмалы қабынып ауруы, жөтел жиі және ұзақ болған жағдайда адам тұншығуы мүмкін. Бұл біздің тыныс алу жолдарымыздың қандай да бір тітіркендірушіге қатты сезімталдығынан болады. Олар тітіркенгеннен тарылатындықтан, адам демалған кезде тұншыға бастайды. Бронх демікпесі адамдарда кез келген жаста пайда болып, көбінесе балалық шақтан басталады да, бұл адамдардың жартысы есейе келе ол аурудан айығып кетеді. Қазір шамамен есептегенде Жердегі 300-ден 500 миллионға дейін адам осы аурудан зардап шегеді және бұл ауру күн санап өсіп келе жатыр.

Мұндай қауіпті ауруға шалдыққанда, өз денсаулығыңды жақсылап күту қажет. Дене жүктемесін теңдей бөлу қажет. Бронх демікпесімен ауыратын адамдардың дене жүктемесі артық болған жағдайда, демікпе ұстамасы ұстауы мүмкін. Тыныс алу жиілеп, тыныс алу жолдарының қабырғаларына суық тиіп және құрғауына алып келеді де, соның нәтижесінде бронхтың тарылуы пайда болады.

Үнемі дене жаттығуын жасау тыныс алуға қатысатын бұлшықетті күшейтіп, ауаның жетіспеуінің пайда болу қаупін төмендетеді де, аурудың асқынуын тез және жеңіл өтуіне ықпал етеді. Ағзаға үлкен жүк түсіруді талап ететін спорт түрімен, мысалы қашықтыққа жүгірмеу, зіл темір көтеру, турник, қоссырық пен шеңбермен айналыспау қажет. Қысқы спорт түрлерімен (биатлон, шаңғы, мәнерлеп сырғанау, хоккеймен) айналыспаған дұрыс, себебі суық ауа демікпемен ауыратын көп адамдардың кеңірдегінің тарылуына алып келеді. Тыныс алуды ұзақ уақыт ұстап тұруды талап ететін жаттығуды жасауға (су астында жүзуге) болмайды.

Бронх демікпесімен ауырғанда тамақтану

Демікпенің ұстамасын тудыратын тітіркендіргіштерағзаға қайтадан түскен бөгде ақуыздар, кейде олар бактериялық, ал бірдетағамдықболып табылады, ауадағы органикалық бөлшектердің де (киім, өсімдік, тері, аяқ киім және т.б. бөлшектердің де) маңызы бар.

Бронх демікпесі кезінде азық-түліктерді қабылдамау көрсетілмесе, гипоаллергенді емдәм тағайындау ұсынылады. Бұл жағдайда тамақтан антигендік әлеуеті жоғары азық-түліктер мен тітіркендіргіштік қасиеті өзгеше азық-түліктерді алып тастайды. Оған ең бірінші жұмыртқа, цитрус, балық, шаян, жаңғақтар жатады. Екіншіден бұрыш, қыша мен басқа да ащы және тұзды ашық-түліктер жатады. Демікпе асқынбаған кездегі тамақтану артық емес, толыққанды болуы қажет. Сүрленген ет пен балық сорпасы, ас тұзы, ащы және тұзды тағамдар, дәмдеуіштер, қант пен қант қосылған азық-түліктер, бал, шоколад өнімдерін шектеу қажет. С, Р, А, В тобындағы дәрумендерді жеткілікті мөлшерде тұтыну қажет. Олар ағзаның қабілетін қалпына келтіреді. Тамақпен кальций және фосфор тұздарын тұтыну ішек жұмысын қалпына келтіріп,зат алмасу барысын жақсартады.

Бронх демікпесімен ауыратын пациенттерде тағамдық аллергия бірінші фактор немесе ауру барысына қосалқы фактор болған жағдайдатағамдық ас үлесті мұқият қадағалаған дұрыс. Бронх демікпесін жиі тудыратын тағамдық заттар бидай, сүт, балық, жұмыртқа болып табылады.Ас үлесін жасау үшін қандай азық-түліктер мен өнімдерді алып тастау қажеттігін жақсы білу қажет. Деммен ағзаға түсетін аллергендердің белгілі бір тағамдық заттармен, мысалы астық шөптерінің тозаңы мен тағамдық дақылдар, жаңғақтар, жусан мен күнбағыс тозаңы және күнбағыс дәніне ортақ ұқсастығы бар.

Бронх демікпесімен ауыратын пациенттер тәулігіне 5 рет, аз-аздан тамақтануы қажет, соңғы тағамды ұйықтар алдында 2 сағат бұрын ішкен дұрыс.

Accessibility