Біздің заманымыздың батыры
Әр адам өз өмірінің барысында дәрігерлерге медициналық көмек сұрап барады.
Дәрігер маманы кез-келген қоғамда ерекше орында.
Анестезиолог-реаниматолог дәрігер мамандығы — әлемдегі ең сұранысқа ие, бірақ жұмысы ең жауапты болып табылады.
Анестезиолог дәрігер, науқасты операцияға дайындайды, анестезияны енгізеді және тірі органдардың функцияларын оңтайлы деңгейде қолдайды, операция кезінде және операциядан кейінгі кезеңде науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Көптеген жылдар бойы медицина қызметкері күнін мерекелеу қарсаңында анестезиолог мамандығын дамытуға үлкен үлес қосқан «Анестезиолог-реаниматологтар федерациясы» РҚБ реаниматологтары Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының перинаталды орталығының реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің реаниматолог дәрігері, меңгерушісі Новичевский С. Л. «Үздік анестезиолог-реаниматолог» медалімен марапатталды.
Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының әкімшілігі мен қызметкерлері Сергей Львовичті «Үздік анестезиолог-реаниматолог» медалімен құттықтап, жанұядағы сәттілік, адамның ең құнды нәрсесі — денсаулығы мен өміріне байланысты жұмысында табысқа жетуді тілейді!
Мереке қарсаңында біз Сергей Львович Новичевскийге халықтың денсаулығы мен өміріне қамқорлық, жоғары кәсібилік жұмыс үшін алғыс білдіреміз.