Вакцинация бүкіл өмір бойына адамның денсаулығы мен амандығы үшін өте маңызды
Жыл сайын 24-30 сәуір аралығында Бүкілжүзілік денсаулық сақтау ұйымы, аурулардың алдын алу және өмірді қорғау үшін иммунизацияның маңызы зор екені туралы көпшілікке таратуға бағытталған жыл сайынғы Бүкіл жүзілік иммунизация аптасын өткізеді. 2022 жылғы Еуропалық иммундау апталығының тақырыбы –«Барлығына ұзақ өмір»
Оның мақсаты – бүкіл өмір бойына адам денсаулығының бірталай аспектілері мен амандығы үшін вакцинацияның маңыздылығын көрнекі көрсету. Халыққа вакцинацияның жеткіліксіз деңгейі қауіпті вакцина басқарушы инфекциялардың жайылуына себеп болуы мүмкін. Вакциналар балаларға денсаулығы мықты болып өсуге көмектеседі. Вакцинацияны белсенді қолдап, медбибілер мен акушерлер денсаулықты сақтауда маңызды рөл атқарады.
Вакцинация арқасында шешек, полиомелит, сіреспе, құтыру, тырысқақ және басқа да аса қауіпті аурулар жеңілді.
ҚР коронавирус инфекциясы бойынша туындаған жағдайға байланысты 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап ерекше өкім шығарылғанға дейін барлық алдын алу екпелерді жүргізу тоқтатылды, төменде аталған алдын алу екпелерін қоспағанда:
- босандыру ұйымдарындағы нәрестелерге (БЦЖ және ВГВ);
- инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін халыққа (көктемгі-жазғы кене энцефалиті, күйдіргі, тулерамия, оба);
- кез келген жануардың тістеуіне немесе сілекейленуіне шалдыққан тұлғалар (құтыру);
- тері және шырышты қабатының бүтіндігінің бұзылуымен жараланған және жарақат алған тұлғалар (сіреспе);
- эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша инфекция ошақтарында қарым-қатынаста болған тұлғалар