Вирустық гепатит жайлы нені білу қажет?

07.07.2023

ВГ- Вирустық гепатит— ауыру белгілері ұқсас және бауырды зақымдайтын вирустық аурулар тобына жатады.
В және С гептиттерінің вирустық ең қатерлі аурулар тудырып,асқынған жағдайда бауыр циррозына немесе обырына айналады.
Вирустық В және С гепатиті қалай жұғады:
 қорғанбай жыныстық қатынасқа түскенде
 ауру адамның қанын немесе қан құрамын құйғанда, ағза мен тіндерді ауыстырғанда
 үй жағдайында залалсыздандырылмаған медициналық құралдарды қолданғанда
 сұлулық салондарында залалсыздандыру ережесін сақтамай (татуировки, пирсинг, маникюр мен педикюр) косметиқалық шаралар жасаған кезде
 ортақ қолданыстағы инемен есірткіні тамырға енгізу кезінде
 жеке тазалық құралдарын (қайшы,ұстара,тіс щеткасын) ортақ қолданғанда
 босанған кезде анадан балаға жұғады
Вирустық гепатиттің профилактикасы:
 вакцинация
 жеке тазалық құралдарын (ұстара, маникюр жиынтығы, қайшыны қолдану
 лицензиясы бар арнайы мекемелерде (татуировки, пирсингжәне т.б.) косметикалық шараларды жасау
 мүшеқапты қолдану, кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу
 медициналық шараларды қабылдау үшін арнайы емдеу ұйымдарына жүгініңіз.
Дер кезінде дәрігерге жүгінсеңіз, вирустық гепатит емделеді!

Accessibility