Вирустық гепатит жайлы нені білу қажет?

25.07.2019

ВГ- Вирустық гепатит—  ауыру белгілері ұсас және бауырды зақымдайтын вирустық аурулар тобына жатады.

В және С гептиттерінің вирустық ең қатерлі аурулар тудырып,асқынған жағдайда бауыр циррозына немесе обырына айналады.

Вирустық В  және С гепатиті қалай жұғады:

  • қорғанбай жыныстық қатынасқа түскенде
  • ауру адамның қанын немесе қан құрамын құйғанда, ағза мен тіндерді ауыстырғанда
  • үй жағдайында залалсыздандырылмаған медициналық құралдарды қолданғанда
  • сұлулық салондарында залалсыздандыру ережесін сақтамай (татуировки, пирсинг, маникюр мен педикюр) косметиқалық шаралар жасаған кезде
  • ортақ қолданыстағы инемен есірткіні тамырға енгізу кезінде
  • жеке тазалық құралдарын (қайшы,ұстара,тіс щеткасын) ортақ қолданғанда
  • босанған кезде анадан балаға жұғады

Вирустық гепатиттің профилактикасы:

  • вакцинация
  • жеке тазалық құралдарын (ұстара, маникюр жиынтығы, қайшыны қолдану
  • лицензиясы бар арнайы мекемелерде (татуировки, пирсингжәне т.б.) косметикалық шараларды жасау
  • мүшеқапты қолдану, кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу арқылы қауіпсіз секске дағдыланыңыз
  • медициналық шараларды қабылдау үшін арнайы емдеу ұйымдарына жүгініңіз.

 

Дер кезінде дәрігерге жүгінсеңіз, вирустық гепатит емделеді!

Accessibility