Вирусты гепатит А– бауырдың зақымдалуы басым болатын жедел инфекциялық ауру
Вирусты гепатит А– бауырдың зақымдалуы басым болатын жедел инфекциялық ауру.
Аурудың белгілері:
— кіші дәрет түсінің қараюы, үлкен дәрет түсінің ағаруы, көздің ақ қабығының және дененің сарғаюы;
— жүректің айнуы және құсу;
— дене қызуының жоғарылауы;
— жалпы әлсіздік, бүкіл дененің ауырсынуы.
А гепатитімен науқастың жұқпалы болатын кезде аурудың белгілері айқын байқалмай 5-7 күнге созылатын сарғаюға дейінгі кезең (температураның қысқа мерзімді жоғарылауы, өзін әлсіз сезіну, жүрек айнуы) байқалады. Қара зәрдің пайда болуы, көздің ақ қабығы және дене сарғаюы басталғаннан кейін науқас басқаларға қауіп тудырмайды.
Инфекция көзі — науқас адам. Инфекция фекальді-оральді берілу жолымен сипатталады. Ауру ластанған қолдар, ыдыс-аяқ, ойыншықтар және басқа заттар арқылы жұғады. Сондай-ақ, инфекцияның жаппай таралу деңгейі құбырдағы ауыз суының кәріз суымен ластанған кезде жоғары болады.
Инфекцияның алдын-алу шаралары:
— жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау;
— А вирусты гепатитіне қарсы вакцинация;
— ішу үшін жеке бөтелкеге құйылған және қайнаған суды пайдалану;
— жаман әдеттерден (екі адамның 1 темекіні шегуі, тағамды бөлісіп жеу, сағызды бөлісіп шайнау) аулақ болу;
— көкөністер, жеміс-жидектер, тамаққа қосатын көкшөпті ағыны күшті сумен жуып, артынан қайнаған сумен шаю;
— шомылу кезінде ауызға су жұтудан аулақ болу;
— жеке күтім құралдарын (төсек жабдықтары, сүлгі, мұрын орамалдары, тіс щеткалары, маникюр жинағы) қолдану керек.
Лицензия 00986DS