Гематология мен сүйек кемігін трансплантациялаудың өзекті мәселелері.
Астанада 12-13 қазанда «Гематология мен сүйек кемігін трансплантациялаудың өзекті мәселелері» атты II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияда шақырылған спикерлер арасында Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен және жақын және алыс шет елдерден танымал профессорлар, ғалымдар, жетекші сарапшылар және тәжірибелі практик онкогематолог- дәрігерлер, хирургтар, онкологтар, трансплантологтар мен патоморфологтар болды.
Осы конференцияда Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының гематологиялық бөлімшесін 1997-2024 жылдарда басқарған, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс гематологы, жоғары санатты гематолог дәрігер Сейсенбекова Ж.Б. Павлодар өңірінде гематологиялық қызмет пен гематологиялық көмекті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін, гематологиялық көмекке мұқтаж адамдардың денсаулығы мен өмірін жақсартуға қосқан баға жетпес үлесі үшін «Астана қаласының гематология дәрігерлерінің қауымдастығы» ҚБ басшысының «Алғыс хатымен» және ақшалай сыйлығымен марапатталды. Гематологиялық бөлімшелер арасындағы Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының гематологиялық бөлімшесінің ұжымы сүйек кемігін трансплантациялауға жіберілген пациенттердің ең көп саны үшін «Өмір көпірі: пациенттерді барынша қолдау» номинациясында I орын алды.
Әріптестерімізді марапаттармен құттықтаймыз, зор денсаулық, жұмыста табыс және амандық тілейміз! Тәжірибеңіз, біліміңіз, шыдамдылығыңыз және адалдығыңыз үшін рахмет!
Лицензия 00986DS