Денсаулық сақтау Вице-министірі В. Дудник Павлодар облысында халықпен кездесу өткізді

22.12.2022

Бүгін медициналық объектілерін аралап шыққаннан кейін Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Павлодарда халықпен кездесу өткізді, оған 150-ден астам адам қатысты.

Вице-министр өзінің кіріспе сөзінде денсаулық сақтауды дамытудың бірнеше басым бағыттарын атап өтті, олар: медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарында медициналық қызметтерді қамтуды кеңейту, ауыл медицинасын дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту ды атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасын әзірледі.

Қазіргі уақытта өңір ауылдарында 307 медициналық ұйым медициналық көмек көрсетуде, бұл объектілердің тозуы 54%-ды құрайды.

2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2026 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылды.

Кадрлық қамтамасыз ету мәселесіне келер болсақ, ол бүгінде денсаулық сақтау жүйесінде 78 мың дәрігер, оның ішінде Павлодар облысында 2 мың дәрігер жұмыс істейтінін хабарлады. Өңірде дәрігерлік кадрлардың тапшылығы 150 маманды құрайды.

Кездесу барысында өңір тұрғындары вице-министрге медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдаудың нақты шараларына, баланы шетелде емдеу үшін квота алу мүмкіндігіне, медицина


Accessibility