Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері арасында Павлодар облысының жылдам шахматтан чемпионаты
2026 жылғы 21 ақпанда Шахмат үйінде 2026 жылғы Сенат Кубогының 1/8 финалы аясында денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері арасында Павлодар облысының жылдам шахматтан чемпионаты өткізілді.
Senat Open — Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты бастамасымен және Қазақстан шахмат федерациясы (KazChess) қолдауымен өткізілетін республикалық шахмат турнирі.
Турнирдің мақсаты — Павлодар облысының денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында шахматты кеңінен насихаттау, оларды зияткерлік спорт түрлеріне тарту, медицина ұйымдары өкілдері арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ 2026 жылғы Сенат Кубогының 1/4 финалына қатысу үшін спорттық дайындық деңгейін арттыру және ең мықты қатысушыларды анықтау.
Осы турнирге Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының оториноларинголог дәрігері Н.Х. Мейрханов пен офтальмолог дәрігері Р.М.Мажитов қатысты.
Ерлер командасы арасында оториноларинголог дәрігер Н. Х. Мейрханов 3 жүлделі орындарға ие болды. Женіспен құттықтаймыз!
Лицензия 00986DS




