Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін жаңа қызметтер тізімімен таныстырды

21.06.2019

Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов елімізде 2020 жылдан бастап енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін қызметтер тізімімен таныстырды.

Министрдің айтуынша, келер жылдың қаңтарынан бастап медицинамен қамту жүйесі 3 деңгейге бөлінеді.

Бірінші деңгей – ҚР барлық азаматтарына, оралмандар мен тұрақты тұратын шетелдіктерге мемлекеттік бюджет есебінен тегін медициналық көмек беруді қамтамасыз етеді. Бұл пакетпен азаматтарға тіркелген жері бойынша медициналық-санитарлық алғашқы көмек, жедел көмек, санитарлық авиация және шұғыл стационарлық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік мәні бар аурулар мен негізгі созылмалы аурулар кезінде медициналық көмектің толық спектрі көрсетіледі.

Екінші деңгей – сақтандырылған халық үшін медициналық сақтандыру жүйесі пакеті. Ол тегін медициналық көмектен тыс қызметтерді қамтамасыз етіп, аурулардың кең спектрі бойынша консультациялық, диагностикалық, жоспарлы стационарлық көмек және тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, стационарды алмастыратын көмек, оңалту және қалпына келтіру емін қамтиды.

Үшінші деңгейге тегін медициналық көмек және медициналық сақтандыру жүйесінің пакеттеріне кірмейтін медициналық қызметтер жатқызылады. Олар ақылы немесе ерікті медициналық сақтандыру есебінен ұсынылады.

c9106c84e76262fa1e939564552fc4db_15 zdrav-04042017-5

Accessibility