Денсаулық сақтау министрі А.Ғиният Павлодар облысында халықпен кедесу өткізді
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін Павлодар облысының тұрғындарымен және азаматтық секторымен кездесу өткізді, оның барысында тұрғындарды медициналық көмекті жақсарту жөніндегі ведомство тарапынан шаралар туралы хабардар етті.
Сапар қарсаңында министр облыс әкімі Асаин Байхановпен кездесу өткізді, оның барысында өңірлік денсаулық сақтау саласын дамыту перспективалары, Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде қойылған медициналық көмектің сапасын арттыру жөніндегі міндеттерді бірлесіп іске асыру талқыланды.
Бүгін жұртшылықпен кездесу барысында Ажар Ғиният медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарында медициналық қызметтерді қамтуды кеңейту және қолжетімділікті қамтамасыз ету, ауылдық денсаулық сақтауды дамыту, жоғары технологиялық мамандандырылған медициналық көмек көрсету, ана мен бала денсаулығын сақтау және басқаларын қоса алғанда денсаулық сақтауды дамытудың бірқатар басым бағыттарын атап өтті.
Министр атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медициналық алғашқы көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау үшін халықтың, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратын халықтың кең ауқымына, ұтқырлығы мен қолжетімділігі жағынан МСАК-тың қолжетімділігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Облыс тұрғындарын репродуктивті денсаулық бағдарламалары туралы хабардар ете отырып, министр 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2026 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылғанын еске салды. Осы бағдарламаның шеңберінде 2022 жылы Павлодар облысында 281 квота бөлінді, 86 әйелде жүктілік болды, бүгінгі таңда 35 отбасы бала сүю бақытына ие болды.
Бұдан әрі Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы кездесуге қатысушылардың тарапынан ең ауыр мәселелер бойынша түсініктеме берді. Олар медициналық көмектің, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің, кадр тапшылығының, әсіресе арнайы бейінді мамандардың қолжетімділігіне қатысты болды. Мәселелердің бірі мүгедек балаға оңалту көмегін алуға және республикалық орталықтарға кезектілік проблемасына қатысты болды
Министр кездесу барысында қойылған әрбір сұраққа толық жауап берді, сондай-ақ ведомствоның бейінді департаменттеріне шешімдерді пысықтауды тапсырды.
Азаматтардың жеке қабылдауында Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы көмек көрсетуді және әрбір өтініш бойынша түсініктеме беруді тапсырды. Сұрақтар сирек кездесетін аурулары бар балаларға медициналық көмек көрсету, мүгедектік беру, күрделі созылмалы аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету мәселелеріне қатысты болды.
Коммуникациялар қызметінің өңірлік алаңында Ажар Ғиният жергілікті және республикалық БАҚ журналистерінің сұрақтарына жауап берді.
Брифинг барысында шалғай аудандардың тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, онкологиялық көмек туралы бірқатар сұрақтар қойылды.