Денситометр — трабекулярлық деңгейде сүйек массасының күйін зерттеуге мүмкіндік беретін аймақтағы жалғыз рентгендік аппарат
Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында америкалық компания өндірген премиум санаттағы GE Lunar prodigy advanced остеоденситометр аппараты орнатылды. Өңірде бұрын-соңды болмаған құрылғының құны 100 миллион теңгеден асады. Денситометрия арқылы остеопорозды ерте кезеңде анықтап, уақтылы емдеуді бастауға болады. Талдау кальций деңгейін, сүйектердің тығыздық пен құрылымын, қалыңдығын өлшеп, көрсетеді. Жаңа аппарат сүйектің молекулалық құрылымын өлшеп, оның төмендеуіне байланысты сыну қаупін есептейді. Сондай-ақ, оның көмегімен висцеральды, тері астындағы майды пайызбен өлшеуге болады. Науқас тексеріске учаскелік терапевтің жолдауымен кіре алады. МӘМС жүйесінде тіркелген адамдар денситометрияны тегін өтуге мүмкіндігі бар. Сақтандырылмаған павлодарлықтар ақылы түрде зерттеуге жазыла алады. Аппарат сенсоры жатқызылған адам денесінің белгілі бір аймағын сканерлейді. Зерттеу тез жүргізіледі 5-15 минуттан аспайды. Бұл құрылғының артықшылығы – сүйек тығыздығын сандық сипаттамаларды өлшеу. Ал қарапайым рентгенде тек сурет қана шығарылады. Остеопорозды классикалық рентгенография – компьютерлік томография, МРТ кезінде анықталады. Алайда ол тек аурудың айқын белгілері пайда болған кезде, яғни сүйек массасының айтарлықтай жоғалуы 30% -дан асып кеткенде көрінеді. Ал денситометр сүйек тіні 12%-дан төмендеп кеткен көрсеткіштерді есептеп, ауытқуды анықтайды.
– Денситометр ревматоидты артрит, қант диабеті, бүйректің, бауырдың созылмалы аурулары, химиотерапиядан ұзақ уақыт бойы өткен науқастарға тағайындалады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының заманауи ұсыныстары бойынша остеопороз диагнозын қою үшін L1 және L4 омыртқаларын, сондай-ақ жамбас, бел омыртқасын аталмыш аппарат арқылы диагностикалау қажет. Бұл жабдық басқа да дәрігерлердің жұмысын жеңілдетеді. Тіпті тәуекел тобына кіретін науқастар профилактикалық мақсатта денситометрияны жасата алады. Ал жалпы айтқанда 60 жастан асқан әйелдер және ер адамдардың сүйек сыну қаупі жоғары болып келеді, – деді дәрігер.
Лицензия № 00986 DS