Диагностикалық эндоскопиялық зерттеулер

28.08.2019

Г.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының емдеу-диагностикалық эндоскопия бөлімшесінде жоспарлы түрде келесі диагностикалық эндоскопиялық зерттеулер енгізілген және орындалады:

?эзофагогастродуоденоскопия (ЭГДС),
?колоноскопия,
?бронхоскопия,
?эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография (ЭРХПГ)

Емдік эндоскопиялық хирургиялық емшаралар және манипуляциялар

 

Жергілікті анестезия, орташа немесе терең седация немесе эндотрахеальды наркоз астында орындалады.

?12 елі ішектен, асқазаннан, тыныс алу жолдарынан қан кету көзін электрокоагуляциялау;

?өңештен, асқазаннан және 12 елі ішектен, тыныс алу жолдарынан бөгде денелерді алып тастау;

?материалды цитологиялық және гистологиялық зерттеуге бағыттай отырып, асқазан шырышты қабығының, 12 елі ішектен, тыныс алу жолдарының биопсиясы, АІЖ полиптерін эндоскопиялық алып тастау;

АІЖ полиптерін эндоскопиялық алып тастау;

?бронхтардың (стационарлық жағдайда) бронхоскопиялық лаважы (жуу);

? эндоскопиялық папиллотомия (папиллосфинктеротомия) ЭПСТ — дербес немесе өт шығару жолдарының декомпрессиясы кезеңдерінің бірі;

?эндоскопиялық литотрипсия және литоэкстракция — тастарды (конкременттерді) өт жолдарынан ұсақтау және жою .

?Біздің мекен-жайымыз:  Павлодар қ., Щедрин көшесі, 63,

IMG_3226 IMG_3230☎ жазылу үшін телефон: 8 (7182) 52-04-98, 87712762227

Accessibility