ДСМ басшысы КВИ- мен күрестің қорытындысы бойынша басым міндеттерді белгіледі
Бүгін Астанада «Пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі» Халықаралық форумы өтуде, оның мақсаты COVID-19 коронавирус инфекциясы пандемиясының сабақтарын талқылау болып табылады.QazBioPharm форумының бағдарламасына бірқатар мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, Парламент депутаттары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, жетекші ғалымдар, көрнекті қоғам қайраткерлері және бизнес өкілдері қатысатынын айта кеткен жөн.
«Қазақстан пандемия кезеңіндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау мен болжаудың шектеу шараларының жиынтығымен бірегей кешенді жүйесін әзірледі. Бұл моделді ДДҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты Өкілдігі мақұлдады, көрші мемлекеттер жоғары бағалады» — деді Форумға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов.Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өз сөзінде коронавирус инфекциясымен күресу үшін ведомство қабылдаған бұрын-соңды болмаған шаралар туралы айтып, бүкіл әлемдік қоғамдастықтың өміріне түзетулер енгізген пандемия сабақтарын еске салды.«Үш жылдың шінде Қазақстан, бүкіл әлем сияқты, 1 айдан 3 айға дейін созылған коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың 6 көтерілуін бастан өткерді. Бұл ретте әрбір кейінгі нұсқасы республика аумағында COVID-19 жаңа нұсқасының пайда болуынан туындады. Мәселен, егер коронавирустың Ухань штамынан туындаған сырқаттанушылықтың алғашқы көтерілу кезеңінде сырқаттанушылардың ең көп саны 1962 жағдайды құраса, онда Омикрон нұсқасының айналымы кезінде бесінші көтерілуде тәулігіне 16 мыңнан астам науқас тіркелді» — деді А. Ғиният.Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Заң әзірленген кезде туындайтын биологиялық қауіптерге жедел ден қоюдың және олардың прфилактикасының маңыздылығын атап өтті.Министрдің айтуынша, COVID-19 пандемиясы елдің санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің кадрлық әлеуеті мен инфрақұрылымын қаншалықты күшейту қажеттігін көрсетті. Осылайша, медициналық жоғары оқу орындарында санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі мамандарды даярлау жүйесі қайта қаралды, оқу мерзімі 4 жылдан 5 жылға дейін, бейіндік пәндер бойынша сағат ұзақтығы ұлғайтылды, ден қоюдың өзекті мәселелерін қоса алғанда, жаңа кәсіби стандарттар әзірленді, білім беру бағдарламасына жаңа құзыреттер енгізілді.Иммунобиологиялық препараттарды шығару бойынша биофармацевтикалық зауыт салу бөлігінде министр бүгінгі күні құрылыс аяқталғанын, өндірісті валидациялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.«Биоқауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында әлемде қолданылатын 14 вакцинаның бірі болып табылатын «QazVac» отандық вакцинасы әзірленіп, өндірілді. АҚШ-тың Орталық Азиядағы ауруларды бақылау және профилактикасы орталықтарының (CDC/CAR) Өңірлік офисінің қолдауымен жүргізілген зерттеу Қазақстанда қолданылатын барлық вакциналардың SARS-CoV-2-ге қарсы тиімділігі жақсы екенін көрсетті» — деп жалғастырды ҚР ДСМ басшысы.