Дүниежүзілік баланы емізу апталығы
Жыл сайын 1 тамыздан бастап 7 тамызға дейін әлемдегі емшектегі балалардың денсаулығын нығайту мақсатында емізуді насихаттауға бағытталған Дүниежүзілік баланы емізу апталығы өткізіледі.
1997 ж. бастап Қазақстанда емізуді қорғау және қолдау бойынша мақсатты мемлекеттік саясат жүргізіліп келеді. Емізуді қолдау үшін жүргізілетін саясатқа: бала күтімі бойынша ақы төленетін демалысқа және емізу үшін үзіліс беруге қолдау көрсетіледі.
Емшекпен емізудің пайдасы
Емшек сүті қоректік заттар мен антиденелерге бай, соның арқасында баланың иммунитеті жоғарылайды. Емшекпен емізу ана мен нәресте арасындағы ерекше байланысты қалыптастырады. Көптеген аналарда емшек сүтімен проблемалар бар, бірақ бас тартпауға тырысыңыз, өйткені бұл сізге және сіздің балаңызға өте пайдалы!
Емшекпен емізу сәбилер миының жұмысы дұрыс дамуын қолдаудан, инфекциялардан қорғаудан, семіздік қаупін және балалар ауруларын төмендетуден бастап денсаулыққа жұмсалатын шығындарға және емізетін аналарды анабез ісігі мен сүт бездері ісігінен қорғауға дейін өте маңызды. Ерте емізбеу респираторлық аурулардың, гипотермияның, диареяның және инфекциялық аурулардың пайда болу себебі болып табылады.
Туыла салысымен сәбиді анасының кеудесіне жатқызу оны жылытады, жақындықтың қалыптасуына көмектеседі, ана сүтін ұлғайтады.