«Дәл қазір тексері!»: Сүт безі обыры туралы жан-жақты ақпарат беретін жыл сайынғы айлық басталды.
Онкологияның бұл түрі әйелдермен қатар, ерлерде де болады. Бірақ, әйелдерде ең көп кездесетін дерттің бірі. Өкінішке қарай, Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігі өкпе және колоректальды обырдан оқ бойы озып тұр.
Әдетте, бұл дерт сүт безі тінінде киста немесе түйін түрінде пайда болады. Бұл жасушалар лимфа жүйесі немесе қан тамырлары арқылы қоршаған тіндер мен мүшелерге таралуы мүмкін. Ауруды асқындырып алған жағдайда емдеу қиынға соғады.
Маммография және самопальпация секілді медициналық тексерулер сүт безі обырын ерте анықтап, сәтті емдеу мүмкіндігін арттырады.
✅ 40 пен 70 жас аралығындағы сақтандырылған әйелдер тіркелген емханасында 2 жылда 1 рет Сүт безі обырын ерте анықтау үшін Скринигтік тесеруден өте алады. Оған келесі тексеру түрлері кіреді:
✔ Сүт бездеріне ультрадыбыстық зерттеу
✔ Мақсатты маммография (1 проекция)
✔ Маммография (4 сурет)