Бронх демікпесі бар науқастарға арналған денсаулық мектебі
Бронх демікпесі бар науқастарға арналған денсаулық мектебі консультативті-диагностикалық емханада пульмонолог дәрігер Баширова Г.К. созылмалы түрде бронх демікпесі бар науқастарға арналған Денсаулық мектебін өткізеді, онда пациенттерге аурудың өршуін болдырмау үшін өз денсаулығын бақылау дағдылары оқытылды, емдеу бойынша ұсыныстар берілді, тұншығу ұстамасы және бронх демікпесі өршуі кезінде мінез-құлық дағдылары үйретіледі. Бронх демікпесі, сондай-ақ қант диабеті, гипертония, созылмалы ауру болып табылады. Сондықтан науқастың негізгі міндеті — өз ауруын бақылауды үйрену, өршуді болдырмау. Өз ауруын бақылау үшін әрбір пациент бронх ағашының анатомиясын, тыныс алу жолдарының физиологиясын және бронх демікпесі ұстамасы негізінде жатқан механизмдерді жақсы түсінуі, ингаляторларды қолдануды үйренуі, олардың жағдайын бағалауы, сондай-ақ емдеудің жаңа әдістері туралы ақпарат алуы керек.
Лицензия 00986 DS