Егер Сіз жұмыс беруші болсаңыз – қанша және қашан төлейсіз?

24.01.2020

Өз қызметкерлеріңіз үшін жалақы қорынан 2019 жылы 1,5%, 2020 жылы 2%, 2022 жылғы 1 қантардан бастап 3%.

Маңызды!

Егер қызметкер 15 жеңілдігі бар азаматтар санатына кіретін болса,оңда олар үшін аударым жасаудың қажеті жоқ.Азаматтардың женілдігі бар санаттары үшін төлемдерді мемлекет жасайды.

 Егер Сіз жұмысшы болсаңыз  — қанша және қашан төлейсіз?

2020 жылдын 1 қаңтарынан бастап есептелген кірістің 1%, 2021 жылы 2%

Тегін медициналық  көмектің кепілдендірілген көлемі пакетіне не кіреді?

Тегін медициналық көмектің  кепілдендірілген көлемі(ТМККК) пакетіне медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу-қатыспауына қарамастан әрбір қазақстандыққа қолжетімді медициналық қызметтердің барлық негізгі түрлері кіреді.

 Барлық азаматтарға қолжетімді ТМККК пакетінде:

-жедел жәрдем және санитарлық авиация

— бастапқы медициналық көмек

— шұғыл стационарлық көмек

-паллиативтік көмек

Әлеуметтік маңызы бар және негізгі созылмалы аурулар кезінде:

  • салалық мамандардың қабылдауы
  • амбулатория деңгеінде дәрі –дәрмекпен қамтамасыз ету
  • күндізгі стационар
  • жоспарлы стационарлық көмек
  • туберкулезге шалдыққаңдарды медициналық оңалту

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетіне не кіреді?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті — тегін медициналық көмектің  кепілдендірілген көлеміне қосымша сақтандырылған азаматтарға медициналық қызметтердің кеңейтілген жиынтығы

Сақтандырылған азаматтар үшін МӘМС пакетінде:

  • консультациялық –диагностикалық көмек:
  •   1) ересектер мен балаларды профилактикалық тексеру,
  • 2) бағасы қымбат болып келетін диагностикалық қызметтер,соның ішінде,КТ,МРТ,ПТР,ИФТ және т.б. сынды зертханалық қызметтер,
  • 3) жоспарлы және шұғыл стоматология (18 жасқа дейінгі балалар, мүгедектер, зейнеткерлер)
  • ТМККК пакетіне енбеген сырқаттарды амбулатроия деңгейінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
  • ТМККК пакетіне кірмеәтін сырқаттарға күндңізгі стационар
  • ТМККК пакетіне кірмейтін сырқаттарға жоспарлы стационарлық көмек көрсету
  • Медициналық оңалту және қалпына келтіруге бағытталған ем-дом (туберкулезбен ауыратын науқастарды оңалтуды қоспғанда).

Сұрақтар,ұсыныстар мен шағымдарды қайда жолдауға болады?

1406 — медициналық сақтандыру қорының байланыс орталығв

1414 —  бірыңғай байланыс орталығы

Fms.kz – «халықтық бақылау» бөлімі

Accessibility