Емхананың емдеу-диагностикалық эндоскопия бөлімшесінде Сіз диагностикалық эндоскопиялық зерттеулерден өтуіңіз болады
Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының емдеу-диагностикалық эндоскопия бөлімшесінде жоспарлы түрде келесі диагностикалық эндоскопиялық зерттеулер енгізілген және орындалады:
— эзофагогастродуоденоскопия (ЭГДС),
— колоноскопия,
— бронхоскопия,
— эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография (ЭРХПГ)
Емдік эндоскопиялық хирургиялық емшаралар және манипуляциялар:
12 елі ішектен, асқазаннан, тыныс алу жолдарынан қан кету көзін электрокоагуляциялау;
-өңештен, асқазаннан және 12 елі ішектен, тыныс алу жолдарынан бөгде денелерді алып тастау;
-материалды цитологиялық және гистологиялық зерттеуге бағыттай отырып, асқазан шырышты қабығының, 12 елі ішектен, тыныс алу жолдарының биопсиясы, АІЖ полиптерін эндоскопиялық алып тастау;
-АІЖ полиптерін эндоскопиялық алып тастау;
-бронхтардың (стационарлық жағдайда) бронхоскопиялық лаважы (жуу);
-эндоскопиялық папиллотомия (папиллосфинктеротомия) ЭПСТ — дербес немесе өт шығару жолдарының декомпрессиясы кезеңдерінің бірі;
-эндоскопиялық литотрипсия және литоэкстракция — тастарды (конкременттерді) өт жолдарынан ұсақтау және жою.
Емшаралар жергілікті анестезия, орташа немесе терең седация немесе эндотрахеальды наркоз астында орындалады.
Біздің мекен-жайымыз: Павлодар қ., Щедрин көшесі, 63.