Ең адамгершілікті кәсіп
Баланы отбасына әкелу, қоғамда тууы әрдайым болашаққа қадаммен бірдей. Адамның өмірінен, әсіресе кішкентай, жаңа туған нәрестенің өмірінен не қымбат болуы мүмкін. Жаңа туылған нәресте ең білікті медицина қызметкерінің қамқорлығында, кәсіпқойлығында болғаны маңызды, яғни №1 облыстық перинаталды орталықтың реанимация бөлімшесінің жоғары санаттағы мейібикесі — Жақыпова Татьяна Николаевна дәл осы маман болып табылады.
Бала кезінен бастап Татьяна дәрігер болуды армандайды, ал 1991 жылы оның арманы орындалды — ол Павлодар медициналық училищесін бітірісімен жас маман Май ауданының орталық ауруханасына жіберілді. Онда ол Руслан есімді тағдырын кездестірді — екі қыз дүниеге әкелді. Павлодарға көшкеннен кейін 1999 жылдан бастап қалалық перзентханада жұмыс істеді, ал қазіргі таңда ол облыстық перинаталды орталықта жұмыс істейді.
Перинаталдық орталығында жұмыс істеу – нағыз ғажапты көрумен бірдей, себебі, мұнда жаңа өмір сыйлайды, отбасылар бақытқа кенеледі, бірақ осының барлығы үлкен еңбек пен жауапкершілікті талап етеді.
Төзімділік пен шыдамдылық – міне осы қасиеттер сипаты Татьянаның жұмысына көмектеседі. Көп нәрсені білу және көп нәрсеге үйрену қызығушылықтары мейірбике лауазымында жұмыс істеп жүрген Татьяна Николаевнаны анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне әкелді.
Әріптестері пациенттерге қатысты құзырлылықты, адалдықты, ерекше шынайылықты атап көрсетеді. Босанғаннан кейінгі әйелдер үшін бұл мейірбикенің мейірімді сөзі, мұқияттылығы және моральдық жағынан қолдау болып табылады. Татьяна Николаевнаның белсенді өмірлік ұстанымы мен кәсіпқойлығы жастарға үлгі болып табылады. Әр адамның өмірінде ең бастысы — ол жасаған істері, өмірінің жолы. Татьяна ең адамгершілікті кәсіпті таңдады, себебі медицина қызметкерінің өзгелерден айырмашылығы — адамдарға деген сүйіспеншілік.
«№ 1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы»
Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі
Рухани жаңғыру. «Туған жер» арнайы жобасы.