Жасаңыздар, еңбек етіңіздер және бақытты болыңыздар!

25.10.2017

Мен өз Отаныма бейбітшілік, аманшылық және тыныштық үшін алғысымды білдіремін. Бейбітшілік менің өз елімде, менің балаларымның аман-сау болатындай сақтап қалатын ең бағалы факторлардың бірі. Әрбір адамның өмірінде ең маңыздысы оның немен айналысатыны және мамандығы. Қай адам болмасын өзінің өмірлік жолын дұрыс таңдауы керек.

Мектеп бітірісімен медициналық колледжге барып оқитынымды білдім және бүгін нақты білетінім, медицина –менің айналысатын ісім, кәсіби өсуім.

251017-1

Колледжді бітіргеннен кейін Павлодар облыстық перинаталдық орталығына , клинико-диагностикалық лабораториясына лаборант мамандығына жұмысқа орналастым.Лабораторияның жабдықталуына таң қалдым! Лаборатория қызметкерлері мені қуана қарсы алып, сонымен бірге гематологиялық, биохимиялық, электролитті және газды анализаторларда, коагулометрде  жұмыстың жаңа методикасын меңгеруге көмектерін көрсетті.  Перинаталдық орталығында жұмыс істеу бір ғажап, мұнда жаңа өмірлер дүниеге келеді, отбасылар бақытқа кенеледі. Отбасына сәбидің келуі – болашаққа қадам басудың бір түрі. Тағдырыма шексіз ризамын, өйткені мен жұмысымда нағыз бақытты сезінемін. Бастысы, медициналық қызметкер – адамдарға деген махаббаты шексіз болуы керек. Адамдарды сыйлай білуіміз керек, олардың мәселесіне түсінушілікпен қарап, тыңдап, өте мұқият болу оңайға тимейді. Ол үшін кішіпейіл және батыл адам болу керек.

Біздің орталықта өзіңнің білім беру және кәсіби деңгейіңді жоғарылату үшін кез келген мүмкіндікті пайдалануға болады. Мен өз орталығымды, өз жұмысымды өмірімді өте жарықтандырғаны үшін жақсы көремін!!! Жасаңыздар, еңбек етіңіздер ,дұрыс бағытқа бет алып, бақытты болыңыздар.

Елена Николаевна Мишук

клинико-диагностикалық лабораторияның лаборанты

ШЖҚ «№1 Павлодар областық перинаталдық орталығы» КМК

Рухани жаңғыру. Спецпроект «Туған жер»

Accessibility