Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы
2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап Ұлттық отбасы күні аясында Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжінде Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың акушер-гинекологы, репродуктолог А.Т.Мәукен колледж студенттеріне «Жастардың репродуктивті жүктілікке дейінгі денсаулығы және ерте жүктілік» тақырыбында дәріс өткізді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру координаторы А.А.Бейсенова репродуктивті денсаулықты қорғау және контрацепция әдістері, темекі шегу мен ЖЖБИ алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру материалдарын таратты.
Лицензия 00986 DS


