Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы

14.05.2025

2025 жылғы 12 мамырдан бастап Қазақстанда репродуктивті денсаулық апталығы басталды, ол репродуктивті денсаулық, жұқпалы аурулардың алдын алу, отбасын жоспарлау және жауапты ата-ана мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған. Осы аптада Қазтұтынуодағының экономикалық колледжінде Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың акушер-гинеколог дәрігері, ДСБ штаттан тыс репродуктологы А.Т.Маукен «Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы. Ерте жүктіліктің алдын алу» атты тақырыпқа дәріс өткізді. Қыздарға өзін-өзі күту, өзін қалай дұрыс ұстау және саналы шешім қабылдау және денсаулығына жауапты болу туралы ақпарат берілді.
СӨС үйлестірушісі А.А.Бейсенова репродуктивті денсаулықты қорғау және контрацепция әдістері, темекі шегу мен ЖИТС –ның алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру материалдарын таратып, бейнематериалдар көрсетті.
Лицензия 00986DS


Accessibility