«Жаһандану жағдайындағы жұқпалы аурулар: сын-қатерлер мен шешімдер» Қазақстан конгресі
2019 жылдың 12-13 қыркүйегінде Нұр-сұлтан қаласында «Жаһандану жағдайындағы жұқпалы аурулар: сын-қатерлер мен шешімдер» атты қазақстандық конгресс өтті. Конгресс жұмысына министрліктер мен ведомстволардың басшылары, ДДҰ, CDC өкілдері, таяу және алыс шетелдерден, соның ішінде АҚШ, Ресей, Франция, Италия, Германия, Украина және Молдовадан медицина саласындағы жетекші ғалымдар мен кәсіпқойлар қатысты. Бұл конгреске «Павлодар облысындағы Лептоспироз. Гонозды инфекциялар» тақырыбымен Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық аурухананың инфекционист-дәрігері К.Т.Казкенова қатысты. Бұл жұқпалы ауруларға арналған өңіраралық ауқымдағы ірі іс-шара, ол тақырыптарды кеңінен қамту арқасында пәнаралық сипатқа ие болады, бұл ғылыми-практикалық қызметті кеңейтуге, сондай-ақ инфекциялық ауруларға медициналық көмекті жетілдіру бойынша тәжірибе алмасуға және күш-жігерді үйлестіруге ықпал етеді.