Железин ауданының, Лесное ауылында «Медицина жанымызда» республикалық акциясы жалғасуда
10.10.2019
«Медицина жанымызда» республикалық акциясы Павлодар облысында жалғасуда.
Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының жылжымалы медициналық кешенінің (ЖМК) медициналық бригадасы 2019 жылы қазанның 5-де облысымыздың Железин ауданы, Лесное ауылының тұрғындарын қарауға қабылдады.
ЖМК дәрігерлерлер бригадасы — терапевт, педиатр, окулист, стоматолог, гинеколог ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетті.
ЖМК терапевті Г.И. Иманкулова салауатты өмір салтының аспектілері және міндетті медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.