Жеңіс күнімен
10.05.2017
2017 жылдың 9 мамырында Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың әкімшілігі Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 72-жылдық мерекесіне орай, ауруханада ем-шара қабылдап жатқан соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтап, оларға бағалы сыйлықтар табыс етті. Әкімшілік пен кәсіподақ өкілдері аурухананың еңбек ардагерлерін – ауған соғысы мен тыл еңбеккерлерін – үйлеріне барып құттықтап, қаржыдай және гүл шоқтарымен құттықтады.