Жиналыс

28.09.2018

2018 жылғы 27 қыркүйекте «№1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығының» мәжіліс залында Павлодар облысының басқармасы басшысының орынбасары м.а. Н.Шахмардановтың төрағалығымен Павлодар облысының босануға көмек көрсету қызметтерінің өзара әрекеттері бойынша жиналыс өтті. Жиналыста ЕПЖ, Стационар мен емханалардың ОМР жөніндегі бас дәрігердің орынбасарлары, қаланың әйелдер  кеңесінің меңгерушілері, стационарлардың РҚТБ мен гинекологиялық бөлімшелерінің меңгерушілері, қала мен аудандардың акушер-гинекологтары, учаскелік емханалардың терапевтік, ЖДП меңгерушілері қатысты.

Күнтәртібінде мынадай мәселелер талқыланды :

  1. 2018 жылдың 8 айында Павлодар облысында акушерлік және босануға көмек көрсету қызметтерінің интеграцияланған моделін тиімді пайдалану және тиімділігін арттыру бойынша Жол картасын жүзеге асыру туралы есеп. Баяндаушы: «№1 ПОПО» бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, ДСБ штаттан тыс басты маманы Л.В.Ходырева.
  2. Павлодар облысында 2018 жылдың 8 айындағы сыни жағдайларды талдау. Баяндаушы: Высоцкая И.В., «№1ПОПО» ЕІЖ бас дәрігерінің орынбасары
  3. Павлодар облысының «Жүкті әйелдер мен балаларға перинаталдық көмекті аймақтандыру туралы» бұйрығын орындау. Баяндаушы: «№1 ПОПО» бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, ДСБ штаттан тыс басты маманы Л.В.Ходырева.
  4. Пренатальды қан кету, плацентаның ерте кетуі. Баяндаушы: ЕЭО бойынша өңірлік үйлестірушісі Мукушева А.М.

5.Әртүрлі.

20180927_1 20180927_2 20180927_3

Accessibility