ЖРВИ мен тұмау —бұл вирустардан туындайтын,тыныс алу жолдарының ең көп таралған аурулары
ЖРВИ мен тұмау —бұл вирустардан туындайтын,тыныс алу жолдарының ең көп таралған аурулары. Олар ауа -тамшылары арқылы науқас адамнан жұқтырылады.
Суық тиген кездегі негізгі белгілер: мұрынның бітелуі,тамақтың кышуы, дауыстың қырылдауы, жөтел, дене қызыуының көтерілуі, әлсіздік, бұлшық еттердің ауыруы және т.б.
ЖРВИ мен тұмаумен ауыратын балаларда құсу, іш өтуі (тышқақтау),тыныс алуын қиындатуы мүмкін.
Суық тиген кезде көрсетілетін бастапқы көмек:
- ЖРВИ мен тұмаудың бастапқы белгілері біліне бастаған кезде медициналық көмекке жүгіну керек -үйге дәрігер шақыру керек.
- Үйде қалып,төсекте жату керек.
- Сусынды көп ішу керек: лимонмен, балмен, бүлдіргенмен шәй, С дәрумені бар фитошәй, жылы сүт, морс, компот.
- ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы күндері тиімді алдын алу құралдары вирусқа қарсы күресу дәрілері болып табылады ( анеферон, интерферон, оксолин майы, мұрынға тамызатын тұзды ерітінділер (тамшы дәрілер,спрей)
ЖРВИ мен тұмаудың таралуына жол бермеу:
- Күн сайын бөлменің ішін ылғалдап сүртіп алу және жиі желдету керек (күніне 3 реттен кем емес).
- Жеке тазалық тәртібін сақтау, қолды жиі жуу.
- Әсіресе үйден сыртқа шығар алдында мұрынның айналасына оксолин майын жағу.
- ЖРВИ мен тұмаудың таралу кезеңінде адамдар көп жиналатын орындарға бармаған дұрыс.
- Қатты тоңбау керек, ауа райына орай киіну керек
- Бір реттік медициналық бетперделерді пайдалану керек
- Дер кезінде тұмауға қарсы вакцина еккізу керек!
Жүкті әйелдер мен балалардың ЖРВИ мен тұмаумен сырқаттануына жол бермеу жұмыстарына баса назар аудару керек!
- ЖРВИ мен тұмаудың таралу кезеңінде күзгі -қысқы мерзімде үйден шығарда және үйде ЖРВИ мен тұмаумен ауырған отбасы мүшелері болған кезде міндетті түрде бетперде кию керек.
- Адамдарды көп жиналатын орындардға бармаған дұрыс: халыққа қызмет көрсету орталығы, сапаржай, әуежай, қоғамдық көлік, супермаркеттер, балабақшалар мен мектептер.
- ЖРВИ мен тұмаудың бастапқы белгілері біліне бастаған кезде күндіз болса учаскелік педиатр мен терапевт дәрігерді және түнде жәрдемді үйге дереу шақыру.
- Дәрігердің кеңесіне сәйкес дер кезінде тұмауға қарсы вакцина еккізу керек!
- Өздігіңізден емделмеңіз.
- Жүктілік кезінде иммунитеттің әлсірейтінін және ЖРВИ мен тұмаудың асқынуынан қиын дертке душар болу мүмкін екендігін есте сақтаныз: бронхит, пневмония, түсік тастау, асқынушылықпен мезгіліне жетпей босану.
- Дер кезінде дәрігерге тексеріліп,емделмесе ЖРВИ мен тұмау ақынуынан адам өліп кетуі мүмкін!
- ЖРВИ мен тұмау кезінде бастапқы көмек көрсету үшін үйде дәрілік қобдиша жабдықтау (термометр,бетперделер,аскорбин қышқылы,оксолин майы,мұрынға тамызатын тұзды ерітінділер (тамшы дәрілер,спрей).
Тек дәрігер ғана жеке тексеру барысында Сізге ем тағайындай алады!
Өздігіңізден емделмеңіз, ол Сіздің денсаулығыңыз үшін қауіпті .
Өзіңізді күтіңіз және сау болыңыз!