Жыл сайын 12 мамырда Халықаралық медбикелер күні аталып өтеді
Қазіргі уақытта медбикелер медицина қызметкерлерінің ең үлкен санатын құрайды, өйткені медициналық тәжірибеде медициналық қызметтердің үлкен үлесін тек қана медбикелер көрсетеді.
Адамгершілігі мол мамандықтардың бірі – медбикелерімізге бүгін тағы да алғыс айтып, құттықтауға негіз бар.
Сіз дәрігерлердің тірегісіз, сіз әр пациенттің сиқыршысысыз, өйткені сіз әрқашан ең қажет сәтте көрінесіз. Нағыз сезімтал, жанашыр адам ғана медбике мамандығын таңдай алады.
Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының әкімшілігі, кәсіподақ комитеті, ұжымы барша медбикелерді кәсіби мерекелерімен құттықтайды! Сіздерге ең алдымен зор денсаулық пен амандық тілейміз. Сіздің мейірімділігіңіз, ұқыптылығыңыз және қамқорлығыңыз сіздерге екі еселеніп оралсын, сізді күшті және бақытты ететін адамдардың жағымды сәттерімен, сөздерімен және күлкілерімен қуанта берсін.
Медбикелер күнінде денсаулық сақтау жүйесіндегі жанқиярлық еңбегі үшін Павлодар облысының «Денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы А.Қ.Ситказиновтың грамотасымен аурухананың алты медицина қызметкері марапатталды: перинаталдық орталықтың клиникалық-диагностикалық бөлімшесінің аға медбибісі Оспанова Г.Қ., перинаталдық орталықтың жүктілер патологиясы бөлімшесінің аға акушері Майборода А.И., перинаталдық орталықтың жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесінің аға медбибісі Әміржанова Ш.Қ ., перинаталдық орталықтың босану бөлімшесінің акушері Сағындыкова К.Ш. , рентгенологиялық бөлімшенің аға медбикесі Титова Н.А., тері-венерологиялық бөлімшенің медбикесі Леер Г.А.
Аурухананың медбикелері Шарипжанова М.М. мен Сәдуақасова А.К. Халықаралық медбике күніне арналған «Медицина үздігі-2022» облыстық кәсіби шеберлік байқауының қатысушысы дипломымен марапатталды.
Мереке құтты болсын, құрметті медбикелер, еңбектеріңізге рахмет!!!.